четверг, 5 сентября 2013 г.

"Жыр жұлдызы Фариза"


              Әдістемелік құрал


       60 – жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын.
    Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние. Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады.
Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев өрбіткен баянды бағам – байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні – сіңлілерінен К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай және басқалардың пікір – пайымдарының мәні зор болды.  Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет – талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне імуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік.
Ширек ғасыр бойына әдебиетпен бір жұптаса біте қайнасып кеш жатқан қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы бірталай жазылып, бірсыпыра айтылып, әдепкі әдеби-ғылыми көзқарас, жүйелі негіз қалыптасса да қаламгер қайнарының қуат күшін, бұлақ бастауын жеткілікті өз дәрежесінде, аз биігінде, өз өлшемінде таразылай, бағымдай алды ма?!   Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында “Сандуғаштан”(1966) бастау алып, сексенінші жылдардың аяғындағы “Таңдамалыны”(1987) және “Қыз ғұмырға”(1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы “Маңғыстау маржандары” (1969), “Мазасыз жүрегіңдемін” (1975), “Шілде”(1978), “Сенің махаббатың” (1979), “Сұхбат”(1983), “Жүрек күнделігі” (1984), “Дауа”(1985), “Маңғыстау монологтары”(1986), “Екі томдық: Таңдамалы шығармалары”(1987), “Өсиет”(1995), “Қыз ғұмыр”(1996) және “Мен саған ғашық емес ем”(1999) сынды дүниелермен толықты. Осылардың ішінде “Маңғыстау монологтары” Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы.
     Ф.Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә.Тәжібаев та өз бағасын берген: “Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза” (2) дей келе Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер қолданысына назар аударады. Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген “алыптар тобының” өкілі Ғ.Мүсірепов: “Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін” деп ой түйген.  
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім...(үзінді)
                                                              Мұқағали Мақатаев

                              «Жыр менің жалғыз тарланым»
                   (Ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған концерт-конференция)
«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі – жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Біріміздің –біріміз арылармыз.
Бідерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз».
                  Мұқағали Мақатаев
1.Кітапханашының кіріспе сөзі.
        Осы концерт-конференциямызды ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арнап отырмыз. Фариза Оңғарсынова – күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Ақын 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген.  Ақынның 1967 жылы «Бұлбұл»деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көрді.  Гурьев пединститутын бітіргесін мұғалім, кейін журналист ретінде танылған.  Алматыға жетпісінші жылдардың басында келген Фаризаның негізгі әдеби мектебі, ортасы өз бетімен оқу, іздену, талпыну болды. 
1-оқырман: - Акын Фариза Оңғарсынова шыгармашылыгынан әр жылдары туған поэтикалык жырларды көреміз.
     Бес қаруым бойдагы - батыл жырым,
Батылдықпен аралас жатыр мұңым,
Биліктіге жұғысар ебім де жоқ
Немесе алыс 6epic жақындыгым,- деген сездері поэзияның әлеуметтік сипатын аңғартады.
2 – оқырман: - Туған жер, туған ауыл қымбат маган,
                     Ешкімге бул сезімді былғатпағам.
                     Мен оның өзім ғана сезінетін
                     Қacmepлi қасиетін жырлап бағам.
                     Ол жерге деген менде сезім бөлек,
                    (жатпасын келгенімде өзімді елеп!)
                     Ал оның қасиетін сезу үшін
                   Тек менің журегім мен төзім керек!
«Туган жер» ән (окушы орындайды).
3 окырман:          - Акын өлеңдеріндегі лирикалык әйел кейіпкер әлеуметтік іске көңілі толады, шаңырағынан опа табады, сөйтіп бакыт, рахат барлығына иланады.
Туса да қилы-қилы басыма күн,
Осында сан қуанып тасығаным.
Әйтеуір 6ip рахат күтетіндей
Мен ылғи ошагыма асығамын.
   4 окырман: - Кемел шақта адамның, басқан ізге қайта 6ip көз тастауы, туған ошаққа оралуы заңдылык сияқты. Сондай тұста ақын қаламынан «Киіз үй», «Оюлар», «Жаулықтар», «Жер ошак» секілді жүрек тебірентерлік өлеңдер туған.
Далам –менің  қазынам, жыр сандығым,
Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.
 Сортаң жердің тұзы бар тамырыңда,
Ашқылтымдау сондықтан жусан жырым.
Бул жолдарда ағынан жарылып турган ceзім  байкалады.
(Шәмші Қалдаяковтың «Ак ерке - Ак Жайык» әнің айту).
5-окырман: - Жеке бастың мұңшepi, оңаша сыры ғана емес, күрескер замандастың, әлеумет қайраткерінің, уақыт ауыртпалығын көтере алатын, өзі ic басында отырған азаматтың, ойлары, сезімдері жыр арқауы болған.
       II. «Жүрек кунделігі». Eкі томдық шығармалар жинағындағы өлеңдерінен үзінді оқу.
      III.       Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасайды.
 IV.        Корытынды сөз. Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия.
Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен «¥лы Адам, улкен адам еш уақытта мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен-өзі алысып әуре. Өзінен-өзі күнде  жеңіліп қиналады. Өзінен-өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза да сол адамдардьң қатарында. Фариза әлі де алыс-алыс замандарда өлмeйтiн, биік тұғырлы шығармалар жазады» деп корытындылаймыз.  
        Ұсынылатын кітап көрмелерінің тақырыптары:
«Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»
«Тұнық жырдың тұмары»
«Поэзия падишасы»
«Тыңда мені жүрекпен»
 «Фариза – гауһар тастың поэзиясы»
«Ақберген жырдың ақыны»
«Жауһар жырды жүрегінде тербеген»
«Қазақтың осы қызы алабөтен»
«Жыр жұлдызы»
                                        ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ
                                              (әдеби-сазды кеш)

Максаты: Атыраудын ақын қызы Фариза Оңғарсынованың   окушылардын акынның өмірі мен шыгармашылығы оқушылардың поэзияга деген кызығушылыктарын арттыру, акын­нын ipілігі мен парасаттылығын айкындай тусу.
Көрнекілігі: ақын портреті, арнайы буклет, ақын шығармаларының жинағы.
Тақырыптық слайд:
1) Елiгi еркін даланың (акын өмірбаяны)
2)«Поэзия падишасы» (акын өлеңдері)
3)Ақын арманы алға жетелейді (ақын құрдастары)
4)«Фариза» деп жырлайды жүрегіміз (сұрақ-жауап)
5)Айдыны бар Атыраудың әлдилеген талайды (кітап көрмесі)
6)Адамның жаны бip жұмбақ (сөз-жұмбақ шешу)
     Kөnip болып жалғасқанмен  келешекке
Жіңішке қкыздың жолы не десек те.
Тумаппын жаман ер боп
                           тым құрыса
Калпағын кейбіреудің
                       жұлып алып.
                                   Фариза Оңғарсынова
Kітап көрмесі: «Айдыны бар Атыраудын әлдилеген талайды»
Ән «Фаризажан».
   Құрметті қонақтар! Бугінгі  кешімізді  «Фаризажан» әнмен аштық. Жүректерді  жан жылуымен epiтіn, поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иeгepi, Мәдени агарту iciнe еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті  Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова  . Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауылында 25 желтоқсанда дуниеге келген. Фариза Оңғарсынова өзінің қауырсын қаламымен ақ жүрегін өлеңмен, кісілік келбетін әлдеқашан түгендеген ақынның бipi.
 Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды.
 Мен саган гашык емес ем
 Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
 Осынша мені арман қып келдің  неге сен
       Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
            сезушi eдің  ғой демесең
            Мен саған гашык, емес ем.
            Бас иген көп-көп балаларға паңдана
       асқақтау басып бақытты болдым
    Сонда да жын жүрегімді толтырар 6ip жан жетпей
    Журді ғой демесең мен саған ғашык, емес ем. 
    Батырлардың ұрпағымын 
    Күресте өcin қайсар бабам
     Қиындықтан тайсалмаған
     Жасқа  қамқор, елінеулгі 
     Терең ойлы байсалды адам.
     Мен атамның  шырағымын
     Жастық  шақта жалындаған
     Қайталаған әнін далам
     Қала салып Айға аттанып,
     Мұхиттарда дамылдаған.
     Ер әкенің  ұланымын,
    Мен әзiршe жас баламын
    Алдымда әлі бақ-талабым,
    Аталарға тартып туған
    Ұланмын деп мақтанамын
     Ел аялар сұңқар улын 
     Батырлардың  ұрпағымын! 
     Сенің құрбың
     Елесің қуантардай,
            Сен жайлы ой кешемін.
            Өзіңе дым айта алмай,
            Құрбыңмен сөйлесемін.
            Қолыңды алам да мен
            Қысуға кысыламы
            Гүлімді саған деге
           Мен оған ұсынамын.
                Ақындық - киелі өнер.
                Өнер жолы ауыр жол.
        Ақынның әлеумет алдындағы арқалар жүгі ауыр. Таң қаласың, еріксіз бойлай түсесің, ақындығына бас иесің. Ақынның сырласы да, досы да поэзия.
Қыз - тағдыр
     Көміліп  көк теңіздей мұңға жаным
Бойымда кейде менің толар ағын
Сыйлымын сонда-дағы өкінішті-ақ
Өзімнің  жігіт болып тумағаным.
Қашанда намыссыздық  па теңі
 Пысықай бала да оны  шектетеді.
Аузынан сөзі  түскен жігіт үшін
     Отырам намыс қысып,қаным қайнап.
                Туган ел
       Аймалайды өпкен желі
      Нұрға оранып көк пен жері.
Бала сағым бұлдырайды,
Гулмен ойнап бөктердегі.
Қаз-үйректің тансе әні
 Ерке өзенмен табысады.
 Бip-6ipineн күле қашып
 Ақ  толқындар алысады.
 Құштарлық
Ойларым менің ойран боп
Сарқылып жүрген кезімде
Бұрқан да талқан сезімге
 Алқынып жүрген кезімде
 Жан ашырларды қайғыртып
Дал қылып жүрген кезімде
Жер менен көктен жай таппай
Шарқ  ұрып жүрген кезімде
Жолықтың маған Жақсы Адам
Ерекше тұлғаң  басқадан
Осындай сәтте ойлап па ем
Кездесемін деп тек саған.
Дұшпанды талай жасқаған
Таусылып менде асқақ  ән
Түңіліп барлық  тірліктен
Жүгініп менен жыр күткен
Жұртым бар-ау деп саспаған,
    Ысырып бәрін тастағам.
                 Достар әні
       Ақ, қарамыз, сарымыз
Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық, кәне, біз.
    Жузімізге қарайык,
    Бал күлкілі  баламыз.
    Бізге қымбат күн шуақ,
    Бізге қымбат анамыз.
    Күннің нұрын сүйеміз,
    Қырдың  гулін  сүйеміз.
    Оиыншықтар біздерде
    Көп болғанын  қалаймыз.
Ән. «Қыздар, қыздар, Арулар».
Мақатаев туралы жыр
 Бip өзi мұхит сынды жағасы арман
 ағысы жағасына жара салған.
Толқыны тасқындаса, тау қопарып,
Жабықса, жусаннан да аласарған.
Сыздатып кеудесін жыр таңдайын ән
 Бетке алған сұрапылды қандай ұлан
Әйmeyip алқам~салқам жолга шықты
 Киелі  Хантәңірінің баурайынан.
Бал күндер тайға тақым салған күрең,
жүдеу кез наны тапшы, айраны кем,
Бұрылып қош айтысты Қарасазбен,
 Аршалы сайларымен, сайранымен.
Мұз айдынындағы ой
«Өмірдің өзі. — мұз айдын,
 Тайғанап кетпе! — деген ең,
 Сырғанап жүріп  мұңайдым,
 Еске алдым сені неге мен ?
 Қайғы азап шексең жебер ем,
 Тайганап кетсең, демер ем...
 Дейтұғын өзің емеспе ең?
 Аса алмай асу белестен.
 Қақ маңдайымнан жел ескен
 Тайганақ  құзда турамын кеп,
  Енді құлардай дірілдеп, 
  Бар edi сүйер кімім деп,
  Қарадым  үміт жүзбенен,
   сонда мен сені  іздегем.
Ән. «Қыздарға әсемдік  жарасады»
Сурактар: «Кім көп біледі?
1.      Фариза Оңғарсынова апамызды көрдіңдер ме, ол кici жайлы жазған өлеңдерді  білесіңдер ме?
2.      Фариза аламыздын қазақ қыздары жайлы жазған өлеңдерін білесіңдер ме?
3.      Сен өзі қандай бойжеткенмін деп ойлайсың?
4.      Тектілік деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
5.      Фариза апамыздын елендершен ол кісінің  мінезінің кандай екенін байкадындар ма?
6.      Қазіргі кезде біздің  салт-дәстүріміз  өзгеріп бара жатқан жоқ па? Сіздің ойыныз қандай?
7.      Фариза апамыз қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
8.      Фариза ақынға қай ақын ән арнаған?
Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығаpca, сол жерде. Ондай орын әcipece биікте көп, — деп Ғабит Mycipenoв айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фариза қаламы мұқалмай, әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін дейміз.
  Акынның кұрдастары: Аскар Сулейменов, Әбіш Кекілбаев, Қоғабай Сәрсекеев, Қалдарбек Найманбаев.
Фариза ақынның қандай ерекше қырларын білесіңдер?
-     ақындық
-     ұстаздық
-     жазушылық
-     аудармашылық (Чили акыны Неруданын өлендері)
                     Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы азаматтық позиция.  
                                                       ( Экспресс- ақпарат)

         Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы.  Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше  ден қойғанынды, өте-мөте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес. Фариза ақынның мына бір жырына қөз жіберсек:      Жыр –
                      Менің жалғыз тарланым,
                      Аялап өтер ардағым,
                      Талықсып атар таңдарым
                      Айымдай жалқы арман үн,- дейді.
« Сұхбат» атты жинағындағы «Маңғыстау монологтары», «одағым – оқшау құрлығым», «Революция және Мен» деген өлеңдер циклі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған еді.
      Туған дала! Туған ел! Бұл ұғымдар – ақын жырындағы ең қасиетті, ең қастерлі ерекше жалыңды леппен жырланатын, асқақ шабыттарға толы сезімдердің тақырыбы. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік туған далаға  деген перзенттік махаббаты басқа тақырыптағы өлеңдерінің арасынан да ерекшеленіп, өзге өлеңдерді өзіне көгендеп жатады.
Жүрек сенсің, Отаным, қоғамым да
Мейлі күлдір, күрсіңдер, ора мұңға, -
Мен бәрібір өзіңнен бөлінбеймін,
Сенсіз менің әнім жоқ, жоқ арым да.
     Туған – жерін сүйген, оған барлық ысиық жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше.
   Жүректе – сүйікті елес
Мәңгілік күн – жанымда, биікті емес.
Бұл әлемде ең биік – Адам ғана,
Мұңдауға ешкім де тиіс емес.
   Өз үлкен патриоттық сезімнің ақыны болғандықтан, оның елін, жерін сүймегендерден, халықтың жанын ұқпағандардан, «Сүтін емген тілімнің қадір-қасиетін сезіп білмегендерден жаным жылап, түңілгем» деген жолдары да:
ентеңдерді, жерді ойлап,-
адамды ойлап, елді ойлап,
жер күрсіне, көз ілмей
жаны ауырған өзімдей
күнмен бірге күлмесем,
мен осылай жүрмес ем,-
өнер дертін білмес ем,-
деген тебіреністері де үлкен ақиқат өмірге биіктен қарай білудің өршіл белгісіндей.
      Достық оның ішіндегі халықтар достығы тақырыбы – ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі. «Дауа» жинағындағы «Қырғыз қазақ – өзімнің қос жанарым» атты өлеңінде де ақын іргелес екі елдің ортақ тағдырын, ортақ тыныс-тіршілігін ықыласпен жырлайды.
Сен қуансаң, шуақты менде де күн,
Сен самсаған, менің де өрлегенім!
Сіздің үйде қонақсып  өрлемедім
Қырғыз, қазақ – өзімнің қос өрлемедім
Қырғыз, қазақ – өзімнің қос жанарым,
Қос жанарым, қашан да сөнбе менің!
     Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парыз, жақсылық пен жамандықтың күресі сияқты келемі мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген – уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр-әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!
-                       Адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезунішілік жатыр. Сондықтан да адамдар,  ақын  түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», - дейді.
Кезінде нетпеген жақсылық,
Қылмыспен кейде пара-пар
 Ол өмірдің мәнін адамдардың бір-бірімен ізгі қарым-қатынас, достығында деп түсінеді.
Сондықтан да:   Достарым, ортам, қоғамым,
                            Оларсыз семем, соламын.
                            Салқындық сеуіп, сырт берсе,
                            Көңілім де – кірбің, жоқ әнім,
                           Солардың қабақтарымен
                           Налимын, тасып – толамын, -дейді.
     Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты болсандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.
                             Жандар қанша күлкісі де шектеулі,
                             Біледі олар тасадан көсектеуді.
                             Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың
                             Кіммен сөлемдесуі – есептеулі.
    Ақын бұрын-соңды өткен ой иелері мен сөз шеберлерінің немесе әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан уақиғалар мен болмыстарға өзінше баға беріп, жыр жолдарына айналдырады.
  Фариза ақын «Сапфомен сырласу», «Айша бибі», «Баба әже», «Омар Хайяммен әңгіме», «Шекспир шындығы» өлеңдеріндегі  адамдарға деген ізгілік, мейірім сөзімі, достық махаббат жайлары бүгінгі ұрпақтардың түсінігіне қажет тұрғыдан жырланады.

Пайдаланған  әдебиеттер

1. Шәріпов Ә. Қазаіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары. Алматы. Ғылым,1973
2. Тәжібаев Ә. Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын.// Жетісу, 1989,23 желтоқсан
3. Қирабаев С. Талантқа құрмет. Алматы.Жазушы, 1988
4. Нұрғалиев Р. Мінезді жырлар. Алматы. Жазушы, 1987
5. Сейітов С. Өлең өлкесінде. Алматы. Жазушы, 1984
6. Мәуленов С. Үркер төбеде тұр. Алматы.Жазушы, 1971
7. Белинский В. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 1987
8. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 1989
9. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы. ҚМБ, 1960
10. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы. Ана тілі, 1995
11. Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. І том. Алматы. Жазушы, 1987
12. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе – бет. Алматы. Жазушы, 1972
13. Қабдолов З. Көзқарас. Алматы. Рауан, 1996
15. Әуезов М. Әр жылдар ойлары.Алматы. ҚМБ, 1959
16. Ысмаиылов Е. Ақындар. Алматы. ҚМБ, 1956
17. Тоқбергенов Т. Ай мүйіз. Алматы. Жалын, 1990
18. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы. Жазушы, 1989
19. Әл Фараби. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат. Алматы. Жалын, 1980
20. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы. Қазақ университеті, 1992
21. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Алматы. ҚМКӘБ, 1960
22. Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Алматы. Жазушы, 1973
23. Мүтиев З. Ф.Оңғарсынова лирикасы. Канд.дис.Алматы, 2000
24. Ақүрпекова Г. Ф.Оңғарсынованың табиғат лирикасы жайлы сыр // Қазақстан мұғалімі, 1995, 26 шілде
25. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, 1994
26. Оңғарсынова Ф. Қыз – ғұмыр. Алматы. Жалын, 1996
27. Оңғарсынова Ф. Шілде. Алматы. Жазушы, 1978
28. Оңғарсынова Ф. Қыз – тағдыр. Алматы. Жалын, 1994
29. Оңғарсынова Ф. Жүректер тілдескенде. Алматы. Жалын, 1990
30. Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз. Алматы. Жазушы, 1990
31. Ғ. Мүсірепов Таңдамалы шығармалар жинағы, Жазушы, 1987
32. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.
33. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009
 34. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.                   Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.
35. Нұршаева Д. Поэзия падишасы/Нұршаева Д.//Мектептегі кітапхана=Библиотека в школе.-2010.-№5.-27-28бет.
36. Қайынбаева Ш.. «Жыр – менің жалғыз тарланым» (9 сынып оқушыларына арналған ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған концерт-конференция)/Қайынбаева Ш. // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2012.-№10.-116-118 бет


  

Комментариев нет:

Отправить комментарий