пятница, 8 ноября 2013 г.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында   Ф.Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағына арналған қорытынды кеш туралы ақпарат
24 қазан  күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны – Фариза Оңғарсынованың «Дауа» кітабына арналған қорытынды кеш болып өтті. Кеш шымылдығын ақынның  жауһар жырлармен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері ашты. Кешімізде ақынның шығармашылығымен қоса, жыл бойы өткізілген іс-шаралар туралы қысқаша мағлұмат берілді. 

воскресенье, 3 ноября 2013 г.

                              Фариза

Фариза жаны дара, өр ақынсың,
Алашқа әйгілі ғой сенің атың.
Жетпістің төртеуіне шығып отыр,
Біртуар қыздарының бірі екенсің.