воскресенье, 10 ноября 2013 г.

Фариза апа

Фариза апа жаныңыз дара ақын,
Алашқа әйгілі ғой Фариза атың.
Жетпістің төртеуіне шықсаңызда.
Өзіңізге тең келер бар ма ақын?!
Сіздей асыл туады ғасырда бір,
Сөзің маржан, жырыңыз тұнған алтын.
Алла жазып жүзге кел Фариза апа,
Думандатып тойласың туған халқың.
Мұңдасатын, өзіңмен сырласатын,
Өлең арнап өзіңді жырға қосатын
Мыңнан дара Мұқағалиы еді қазақтың.
Бөлей бер нұр мен жырға халқымның даласын,
Қазақтың бағына біткен жұлдызы өзің ғанасын.
Шырқала берсін кештерде ән мен жырларың,
Елімнің бір туар қызы боп мәңгі қаласың!

Итемген Данара,
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ.,
Филология факультетінің 1 курс студенті
     
     
   

Комментариев нет:

Отправить комментарий