воскресенье, 3 ноября 2013 г.

                              Фариза

Фариза жаны дара, өр ақынсың,
Алашқа әйгілі ғой сенің атың.
Жетпістің төртеуіне шығып отыр,
Біртуар қыздарының бірі екенсің.


Мұңдасар жан таба алмай қалың елден,
Мұқаңмен сыр ақтарған мұңдасы сен.
Қазақтың өлең-жырын қадір тұтып,
Сала бер өрнегіңді жыр-дастанмен.

Жырларың тұнған маржан, алтын сөзің,
Шырқала берсін сенің ән мен жырың.
Ұрпақтар «болмаса да ұқсап бағым»,
Жырыңды жаттап жүріп, тәлім алсын.

Итемген Данара,
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ.,
филология факультетінің
 1 курс студенті




Комментариев нет:

Отправить комментарий